ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

0
Шымкенттегі диагностикалық орталық дәрігерлері бүгін Алматыдан келген әріптестерімен тәжірбие алмасып, күрделі оталар жасады.
А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Әбдірашевтің жетекшілігімен орталықта асқазан және тоқ ішек жолдарына ота жасалды. Операция кезінде хирургтар эндоскопия аппаратын қолдана отырып, тіліксіз әдіспен ісіктерді алып тастады
Тәжірибе алмасу барысында бес науқасқа жабық операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, отадан кейінгі науқастардың жағдайы жақсы.
Айта кетейік, қалалық диагностикалық орталықта урологиялық, проктологиялық, ортопедиялық сынды көптеген ота түрлері жасалады. Бұл үшін мұнда жоғары технолониялық аппараттар мен білікті мамандар жеткілікті. Сондай-ақ медициналық мекемедегі мамандар жыл соңына дейін Ресейдегі әріптестерімен бірге тәжірибе алмасып, күрделі ота жасауды меңгермек.

ПІКІР ЖАЗУ