ҚҰРСАЙ ЕЛДІМЕКЕНІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуде көтерілген өзекті мәселерге байланысты Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Құрылыс екі кезеңде атқарылуда. Бірінші сатыда мердігерлер шағынауданға су жеткізу үшін ұзындығы 185,5 шақырымды құрайтын құбырларды жүргізуде. Жаңа желілер арқылы 5 мыңға жуық отбасыға ауыз су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі қараша айында аяқталады. Қазіргі таңда құрылыстың 99 пайызы орындалған.
Ал екінші кезеңдегі жалпы су жүйелерінің ұзындығы — 151 шақырым. Бүгінге дейін жұмыстардың 98 пайызы аяқталған. Нәтижесінде жыл соңында 3 мыңнан астам абонент ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.