АҚТАСҚА ГАЗ БЕРІЛДІ

0
Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді.
Құрылыс жұмысы 2022 жылы басталып, 2023 жылы аяқталды. Нәтижесінде, 16,7 шақырым газ құбыры тартылып, 1380 тұрғын көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта, Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен табиғи газ беріліп жатыр. Айта кетейік, тұрғындар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан техникалық шарт алулары тиіс.

ПІКІР ЖАЗУ