ШЫМКЕНТТЕ 67 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 2023 жылы бюджет есебінен жалпы 144,9 млрд. теңгеге 160 нысанның құрылысын жүргізілуде. Осы жылы 98 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланған.
Оның ішінде 9 айдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метрді құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға берілді. Айта кету керек, оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық үй. Ал 31 нысан келесі жылға өтпелі.
Бүгінгі таңда Тұран шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің 54 пәтер құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ Бозарық шағын ауданында 54, Ақжайық сити шағын ауданында 26, Тұран шағын ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, нарықтан 1405 арендалық пәтер сатып алынады. Жұмыс істейтін жастарға 900, Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 505. Қазіргі таңда, жастарға 420, аз қамтылғандарға 363 пәтер сатып алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің (1050 пәтер, 82,3 мың ш.м) құрылысы келесі жылға өтпелі.

ПІКІР ЖАЗУ