ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ ТАНЫМДЫҒЫН АРТТЫҒУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сайрам медициналық колледжінің жастары арасында «Дін және жастар» тақырыбында теолог Дәулетұлы Көбейдің қатысуымен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
— Қазіргі таңда дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде ақпарат желілерінде жат ағымдағы діндерден сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндіріліп келеді. Бұның баршасы да жат ағымнан сақтану мақсатында қолға алынған. Өзге діннің ықпалына ергендердің болашағы бұлынғыр болады. Өз уақыттарыңызды пайдасыз дүниемен алмастырып алмаңыздар, — теолог маманы.
Сонымен қатар, спикер діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.

ПІКІР ЖАЗУ