ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ 13 ҚАЛАСЫМЕН БАУЫРЛАСТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАТҚАН

0

Шымкент қаласы шет мемлекеттердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының бөлім басшысы Ерболат Оспанов айтты.

Еліміздің кірмелік туризмін танымал ету аясында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы әлемнің түкпір-түкпірімен байланыс орнатып, роуд-шоулар ұйымдастырып келеді. Осының нәтижесінде биыл 100-ден аса арнайы тревел блогерлер мен туристер келген. «Шымкент қаласы бауырластық қатынастар аясында тиімді негізде сыртқы сауда, инвестициялар, туризм, ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім, мәдениет, спорт және өнер саласында ынтымақтастық байланысын күшейтпек мақсатта Түркия, Италия, Ұлы Британия, Қытай Халық Республикасы, Беларусь, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Грекия сынды елдердің 13 қаласымен бауырластық байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда»,-деді спикер. Меморандумның негізгі мақсаты — екі ел арасындағы қазіргі достық қатынастарды нығайтуға және экономикалық қызмет субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға бағытталған, ұзақ мерзімді экономикалық, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, мәдени іскерлік және сауда қатынастарын дамытуға көзделеді.
Айта кету керек, тиісті басқарма тарапынан қаладағы креативті индустрияның бүгінгі жағдайына талдау жасалған. Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы қалада шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл қаланың шағын орта бизнес субъектілерінің жалпы санының 1,99%-ын құрайды. Оның ішінде 489-ы — заңды тұлғалар, 2034-і — жеке тұлғалар. Бүгінгі таңда креативті индустрия саласына 12 бағыт бойынша 43 OKEД бекітілген. Сондай-ақ қаладағы креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу және талқылау жұмыстарын жүргізіп 4 басым бағытын белгіленген. Бүгінде әр бағыт бойынша басқарма арнайы серіктестік ұсыныстарын әзірлеп, мүдделі кәсіпкерлердің базасын қалыптастыруда. Сонымен қатар, IT-технология бағытында «Sifro», кино және анимация бағытында «Mandarin Pictures» және «Sak», «Жанна Елтанованың Сән үйі», «Turan Models» және «Amanat» компанияларымен дизайн және сән үлгісін дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды. Нәтиже бойынша ағымдағы жылы кретивті индустрия өкілдерінің тұрақты орналасу базасы бекітілсе, 2024 жылы жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес ашылмақ.

ПІКІР ЖАЗУ