ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ БАСЫМ БӨЛІГІН ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕР ӨНДІРЕДІ

0
Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады. Оның ішінде, ұн, нан, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен жергілікті өндірушілер толығымен 100% қамтамасыз етеді.
Сиыр еті бойынша қала өзін 34% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады, ал тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 20% құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласынан жеткізіледі. Сүт өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40-50% құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады. Көкөніс өнімдерінің негізгі тасымалданатын өңірлеріне келетін болсақ, картоп Павлодар облысы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясынан, пияз Жамбыл облысы, Өзбекстан Республикасынан, сәбіз Павлодар, Жамбыл, Түркістан облысы, Ресей Федерациясынан, ал қырыққабат Түркістан облысы, Өзбекстан Республикасынан. Бакалея өнімдері бойынша қарақұмық жармасы Шығыс Қазақстан облысы, Ресей федерациясы, күріш Қызылорда облысы, құмшекер Жамбыл облысы, Ресей федерациясы және ас тұзы Қызылорда облыстарының өндірушілеріне тікелей тәуелді болып келеді. Аталған өнімдерді «Каис Инвест» ЖШС, «Ас-Ан» ЖШС,«Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, ЖК «Сидельников» және «Прима Дистрибьюшн» ЖШС секілдіірі дистрибьютерлік желілер қамтамасыз етіп отыр. Шымкент қаласында жыл басынан баға индексі 103,5 пайызды құрады.
Айналым механизмі және форвардтық шарттар негізінде түзілген өнім көлемдеріне жекелей келетін болсақ:
Күріш – 360 тонна, құмшекер – 2 340 тонна, қарақұмық жармасы – 370 тонна, рожки – 90 тонна, 1 сұрыпты ұн – 2 475 тонна, әлеуметтік нан – 3 270 дана, сиыр еті – 910 тонна, тауық еті – 770 тонна, 1 санатты жұмыртқа – 43,7 млн.дана, ас тұзы – 25 тонна, күнбағыс майы – 330 тонна, сары май – 70 тонна, сүт – 630 тонна, айран – 1 720 тонна, сүзбе – 140 тонна, картоп – 5 540 тонна, пияз – 1 300 тонна, сәбіз – 1 310 тонна, қырыққабат – 1 050 тонна. Тиісті өнім көлемдері бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді. Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 72 комиссия отырысы өтіп, аптасына 2 реттен көшпелі жиналыстар ұйыдастырылып келеді. Талдау нәтижесімен 70-ке жуық бұзушылық фактілер анықталып,түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кемшіліктер толығымен жойылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерге электрондық шот-фактуралар арқылы хронометраждық зерттеу жүргізіліп, шекті сауда үстемесін 15 пайыздан асырған 26 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Апта сайын жергілікті тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жыл басынан бері 300 жәрмеңке өткізілді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына 24.05.2023 жылы №201 бұйрықпен бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Қолданыстағы бұйрық негізінде, «Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады». Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды орындау үшін «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарынан өтінімдер болмаған кезде, қарыз азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі».
Сол себептен, жоғарыда аталған бұйрық талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағиадаларын бекіту туралы» №1485 қаулысы қабылданып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру механизмі жаңа редакцияда тіркелген қаулы негізінде жұмыс істеуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, бюджеттен 8,7 млрд.теңге бөлініп, 200-ге жуық сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді. Атап айтқанда, «Магнум» сауда желісінің саны – 31, «Грамад» сауда желісіның саны – 24, ет өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарының нүктесі – 10, ірі базар аумақтарында орналасқан көкөніс өнімдерін сататын жылжымалы сауда нүктесі – 6, халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы үй маңындағы кіші дүкендер – 129. Басқарма және «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан қарыз алушы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жалпы қала бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда.

ПІКІР ЖАЗУ