БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

0

Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес, әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Қазақстанда әрбір азаматқа қызмет түрін ерікті түрде таңдау берілген.

Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін.

Соның ішінде, мемлекеттік ұйымда қызмет атқаратын мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функциялары Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» № 416-V заңының талаптарымен реттеледі және мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері осы заңның талаптарымен айқындалған.

Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі өзінің негізгі міндеттерінен басқа осы заңда көзделген мемлекеттік қызметшінің құқықтарын, бостандықтарын да қамтиды. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптары негізінде айқындалып, олардың лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулығында, оладың мәртебесі мен құқықтық кепілдіктерімен қатар жұмыс уақыты режимі — екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартылуы мүмкiн. Бұл жағдайларда, жұмыс берушінің актісімен мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері беріледі немесе жұмысына еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.

Бүгінде мемлекеттің жұмыс уақытын реттеудегі рөлі түбірінен өзгерді. Еңбек жағдайлары, соның ішінде жұмыс уақытының ұзактығы да көбінесе жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша анықталады.

Бұл ретте мемлекеттік органдар жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеулері тиіс.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы
29 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу» қағидаларына сәйкес бекітілген жоспар бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын-алу бойынша мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады.

Осы ретте, ағымдағы жылдың ІІІ-тоқсанында мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына Департаментпен мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізіліп, бес мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс жұмыста болғандығы анықталған. Нәтижесінде, Департаментпен бес мемлекеттік қызметшіге тынығу уақыты беріле отырып, құқықтары қалпына келтірілгендігін ерекше айта кету қажет.

Сондай-ақ, жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторингке сәйкес анықталған бұзушылықтардың нәтижелері, оның алдын алу және алдағы уақытта болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдарға жолданып отырады.

Оған қоса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен әзірленген 2023-2024 жылдарға арналған тақырыптық талдау жұмыстарының тізілімі негізінде Департаментпен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына қатысты жүргізілген талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Талдау жұмыстарының нәтижесімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, атқарылған жұмыстар өз нәтижелігін көрсетті. Осы ретте, талдау қорытындыларына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге жалпы кешіктіріліп төленген сомма 5 млн. теңгеден және төленбеген іссапар соммасы 600 мың теңгеден асқаны анықталып, мағыналас деректерді болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілгенін айрықша атап өткен жөн.

Жоғарыда аталып өткен шаралар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оның ішінде олардың әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын-алуға бағытталған, заңға сәйкес мемле­кеттiк қызметшiлердiң құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту қажет.

Мағыналас бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған профилактикалық шаралар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Шымкент қаласы бойынша Департаментінің

мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы Ә. Измуханов.


ПІКІР ЖАЗУ