ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0

Бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.

Мәжілісте қала әкімі зауытты кеңейту жобасын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарға тоқталды.

– Шымкент мұнай өңдеу зауыты – еліміздегі жетекші 3 кәсіпорынның бірі. Үкімет аталған зауыттың жылдық қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Энергетика министрлігі мен кәсіпорын басшылары Қытай еліне іссапарға барып, өндірістік қуатты ұлғайту бойынша CNPC стратегиялық әріптестерімен бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Жобаның маңыздылығы мен ауқымдылығы ескеріліп, әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі. Осы орайда әкімдік пен кәсіпорын мамандары бірлесіп, мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасын талқылап, әзірледік. Жол картасының орындалу барысы жеке бақылауымда болады, – деді қала басшысы.

Жиында зауытты кеңейтуге бағытталған Жол картасын тиімді жүзеге асыруда кешенді жоспар пысықталды.


ПІКІР ЖАЗУ