ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ
Бұл туралы қала басшысы Ғабит Сыздықбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 12 мектептің құрылысы басталды. «Тұран» шағын ауданында 500 орындық оқушылар сарайы салынып жатыр.
«Қаладағы 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Еңбек нарығына талдау жүргізіліп, қажетті маман дайындау үшін колледждерге жаңа 11 250 грант бөлінді. Ағымдағы жылы 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға берілді», — деді спикер.