ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН МЕГАПОЛИСТЕР ҚАТАРЫНА КІРЕДІ

0
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Туризм, сыртқы байланыстар және кретивті индустрия басқармасы басшысының м.у.а. А. Нұрымбетов айтты.
«Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен және Ақмола облысынан кейін туристердің келу саныны жағынан
4 орынды иемденіп отыр. Соңғы статситикалық көрсеткіштерге сәйкес, 2024 жылдың 9 айында қала аумағына 340 000 турист келген»,- деді А.Нұрымбетов.
Өткен жылдың 18-20 мамыр күндері аралығында Астана қаласында «Qazaqstan Live Fest 2023» халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде Қазақстанның әр өңірінде туризмнің қалай дамып келе жатқанын көрсетілді. Соның ішінде Шымкент қаласының туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарына кірді.
Көрме аясында Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы «Amanat» дизайнерлік киімдер бренді, «Dora» және «Graf» қонақ үйлері және «OCA travel» және «ShymTour» туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды.

ПІКІР ЖАЗУ