ТРАМП РЕСПУБЛИКАШЫЛДАР АРАСЫНДА КӨШ БАСТАП ТҰР. ОНЫ БАЙДЕН ДЕ МОЙЫНДАДЫ

0

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп президенттікке үміткер республикашылдар арасында көш бастап тұр. Мұны Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байден де мойындады. Бұл жайында Еuronews хабарлады. 

Дональд Трамп сейсенбі күні Нью-Йоркте сексуалды зорлық-зомбылық пен жала жабу ісі бойынша журналиске қосымша өтемақы төлеуге қатысты сот ісіне қатысуы керек.

— Бұл бұрынғы президент үшін рекорд орнатқан сенімді жеңіс болды. Дональд Трамптың Айова сайлауындағы жеңісі оның Республикашылдар партиясын бақылайтынын растайды және 2024 жылғы президенттікке үміткерлік оған тиесілі болуы әбден мүмкін екенін көрсетеді. Әрине, осы сәттен бастап қарашадағы президент сайлауына дейін көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Ал Трамптың жағдайында оны бірнеше сот процесі күтіп тұр, ақыр соңында ол сот үкімі шығарылған қылмыскер болып шығуы да мүмкін, — дейді Айова штатындағы Euronews тілшісі Филип Кроутер.

Бірақ бұл Трамптың қызу жақтастарына келесі аптада Нью-Гэмпширде басталатын келесі праймеризде жеңіске жетуге серпін беруіне кедергі келтірмеді.

Жеңіс сөзінде бұрынғы президент Украинадағы соғысты, Газадағы соғысты шешуге және бір қызығы қайта сайланған жағдайда демократтармен жұмыс істеуге уәде берді.

Оның негізгі қарсыластары Рон ДеСантис пен Никки Хейли өз нәтижесін оң бағалады, бірақ соңында Трамптан әлдеқайда артта қалды.


ПІКІР ЖАЗУ