ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОСЫМША 2 БАҒЫТ АШЫЛДЫ
1 ақпаннан бастап тұрақты маршруттар қатары №3 пен №4 бағыттармен толықты. Жоспарлы кешенді схемаға сәйкес №3 бағыттағы автобустар Тұран, Шымсити шағынаудандары мен Рысқұлов көшесі аралығына айналма маршрутта тасымалдау қызметін көрсетеді. Қоғамдық көліктің кесте саны 16, ал аралық жиілігі орташа есеппен 15 минутты құрайды.
Ал №4 бағыттағы қоғамдық көліктер Оңтүстік шағын ауданынан «Жабық» базарына дейінгі аралықта қызмет көрсетеді. Автобус саны – 5, аралық интервалы – 15 минут.
Айта кетейік, бұл бағыттар 2 ай көлемінде пилоттық режимде іске қосылады. Бүгінде қала аумағында күнделікті 77 тұрақты маршрут бойынша 915 автобус тасымалдау қызметін көрсетуде.