ЕКІ БАЛАСЫН ӨЛТІРДІ ДЕГЕН ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ДЕРЕК ШЫҚТЫ

0

Түркістан облысында екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды. Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды.

Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», — деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.


ПІКІР ЖАЗУ