ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫ ТУҒАН КҮНГЕ ТОҚАЛ СЫЙЛАЙТЫНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ОЙЫМЕН БӨЛІСТІ
Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде күйеуінің туған күніне тоқал сыйлаған әйелдің видеосы тараған болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Әйелі күйеуіне тоқал сыйлады. Не дейсіз? Әлеуметтік желіден алынған видео. Қаралым жинау үшін мұндай видео түсірудің мәні жоқ. Осындай контент көрсем, өзім ұялып кетемін. Бұл тақырыптың өзектілігін тоқтату өзіміздің қолымызда. Әлеуметтік желі ешқашан ештеңені ұмытпайды. Бізді қарап отыратын қаншама жастар бар. Олар да кейін «Тоқал алудың жөні осы екен» деп артық кетуі мүмкін. Біздің қазақы менталитетімізге жан дүние ғой», — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында.