МАМАНДАР СТУДЕНТТЕРГЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖАЙЫНДА ТҮСІНДІРДІ
Шымкент қаласында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында 2023 жылы жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес, 2431 азаматты оқу ұйымдарында түрлі мамандықтар бойынша мерзімді кәсіптік оқуға жолданған болатын. Биыл 1 110 адамды кәсіптік оқуға жолдау жоспарланып отыр.
Ал, Тұран ауданында 2023 жылы 539 адамға қысқа мерзімді оқуға жолдама беріп, оның 348-і оқуын аяқтап, өздері білім алған кәсіпорындарда тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 88 адам түрлі себептермен оқудан шығарылған. Мамандар оқуға жолданғаннан кейін бекітілген кесте бойынша сабақтарды қалдырмауға кеңес берді.
Шаһарда қазір Жастар ресурстық орталығы мен аудандық мансап орталықтары оқу мекемелерін аралап, халыққа жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары жайында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Тұран ауданы мансап орталығының өкілдерінің мамандары Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті.
Биыл аудандық мансап орталығы Тұран ауданында жұмыспен қамтудың тарапынан белсенді шараларын жарияланған. Бұл жайында мансап орталығына келмей-ақ, www.enbek.kz порталы арқылы мәлімет алуға болады.
Кездесу барысында мамандар тұрғындарға субсидияланатын жұмыс орындары — «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орыны» және «Күміс жас» жобасына қатысу тәртібін түсіндіріп берді. Одан бөлек, «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Солтүстік өңірлерге көшу жөнінде де мәлімет берді. Биыл ауданда 89 отбасыны осы бағдарламаға қатыстыру жоспарланып отыр.