«ХАН ШАТЫРДЫҢ» БАС ДИРЕКТОРЫ СҮЙІКТІСІНЕ 16 МЛН ТЕҢГЕЛІК СЫЙЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

0

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының бас директоры Энгин Асралан жұбайы Карина Асраланға Әулин Валантин күні құны шамамен 16 миллион теңге тұратын білезік сыйға тартқан, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz  порталы.

Бұл туралы Карина Асралан өзінің Instagram-парақшасында бөлісті. “Love” деген атауы бар картьер білезігі екі қабат гауһар тастармен көмкерілген. Қазақстандағы Cartier дүкенінде оның бағасы 15 778 400 теңге деп көрсетілген.

Кәсіпкердің әйелі жариялаған суреттерге қарағанда онда аталған бренд әшекейлері біреу емес бірнеше. Отбасы Астанада элиталық көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. Түркиялық бизнесмен соңғы 10-15 жылдан бері Астанада. Жұбайы Карина Павлодар қаласының тумасы. Олардың бір ұл, бір қыздары бар. Былтыр Энгин мен Карина Стамбулдан вилла сатып алғандарын бөлісті.

Күнделікті өмірлері кісі қызығарлық. Қымбат мейрамханалардан тамақ ішіп, тек бренд өнімдерді тұтынады. 2023 жылы кәсіпкердің әйелі жеке иіссуын шығарды.


ПІКІР ЖАЗУ