«ӨМІРІМІЗ КЕРЕМЕТ». ИЗРАИЛЬДЕ ЕДЕН ЖУАТЫН ӘЙЕЛ ЖАЛАҚЫСЫН АЙТТЫ

0

Израильде бірнеше жылдан бері жұмыс істейтін Дилдора есімді өзбекстандық келіншек қанша табыс табатынын айтты, — деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Израильге Қазақстаннан барған блогерлер Дилдорадан сұхбат алып, жұмыстары туралы сұраған.

Жұмыстарымыз жақсы. Қиын емес. Айлығымыз да жақсы. Аптасына бір күн демалып, айына 3 мың доллар аламыз. Барлық нәрсеге жетеді. Қиыншылық жоқ. Өміріміз жақсы, керемет. Отбасымызбен бірге тұрамыз, — дейді ол.

Соңғы 3 жылда Израильға баратын өзбектердің көбейгенін атап өтті.

Өйткені, бізде жұмыс визасымен келушілер көбейді. Жолдары ашылды. Өзбекстан президенті мен бұл жақтың басшысы барып-келу бойынша келісімге келді. Сондықтан жақсы, жұмыс істеуге қолайлы. Түрлі елдерден келеді. Қазақтар да бар. Ресей, Қытай, Америкадан келеді, — дейді келіншек.


ПІКІР ЖАЗУ