БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 13 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
![](https://alashinfo.kz/wp-content/uploads/2024/02/21.jpg)
Биыл тұрғындар есебінен қайтарылатын қаржыға 13 көпқабатты тұрғын үйдегі 23 жеделсаты жаңартылады. Лифт жүйелерін модернизациялауға қажетті қаражат қаралған соң жеткізуші мердігер мекемемен келісім шарт түзілетін болады. Құжатта құрылғылардың 2 жылдық кепілдік мерзімі қарастырылады.
Істен шыққан жеделсатылардың тек бөлшектерін ғана ауыстыру тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес лифтілерді пайдалануға рұқсат етілмейді, құрылғыларды толығымен ауыстыру қажеттігі анықталған.