АЛМАТЫДА ОҚЫС ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

0

Алматыда құтұарушылар өртеніп жатқан времянкадан екі адам өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша үй-жай жалға берілген, + деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство мәліметінше, 20 ақпанда таңға жуық сағат 3: 43-те Медеу ауданының өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минутта келген бойда 15 шаршы метр алаңда времянканың өртеніп жатқан. Өрт кезінде үй-жайдың төбесі опырылып құлап түскен. ТЖД ақпараты бойынша, өрттің жақын орналасқан жеке үйге таралу қаупі туындады. Қызыл жалын 03:54-те оқшауланып, 04: 03-те жойылды. «Өртті сөндіру барысында екі адамның денесі табылды. Алдын ал ақпарат бойынша времянка жалға берілген. Өрт фактісі бойынша материалдар іс жүргізу шешімін одан әрі жүргізу үшін Медеу ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне берілді», — делінген хабарламада. Мамандар жанындағы жеке тұрғын үйді өрттен сақтап қалды.


ПІКІР ЖАЗУ