3 ҚОЙ ҰРЛАҒАН АЗАМАТҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМ ШЫҚТЫ
Жылыой ауданының тұрғыны көршісінің үш қойын ұрлап, түрмеге тоғытылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
“Сотталушы 2023 жылдың желтоқсанында көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, қойларды арзан бағаға сатқан. Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген”, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.