АҚТАУДАҒЫ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ОҚЫС ОҚИҒА БОЛДЫ

0

1 наурызда Ақтаудағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде оқыс жағдай болды. Жеті жасар қыз эскалатордан жарақат алған, деп хабарлайды Lada.kz .

Басылымның мәліметінше, бала қазір Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем алып жатыр. Бұл жайтқа қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді. «Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасына жарақатпен жеті жасар қыз түсті. Бала саусағының бір бөлігінен айрылды, дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқас оңалту емінен өтеді. Болжам жасауға әлі ерте», — деп хабарлады ведомстводағылар.


ПІКІР ЖАЗУ