АСҚАР САБДИН: НҰРЛАН ИМАМ ПӘТУА ШЫҒАРУДЫ ДҰРЫС МЕҢГЕРМЕГЕН
Белгілі исламтанушы, теолог Асқар Сабдин Нұрлан Имам пәтуа шығаруды дұрыс меңгермеген деп Адал адам подкастында мәлімдеді, — деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.
Нұрлан Имам норма яки пәтуа шығарудың жолдарын дұрыс меңгермеген. Бұған қатысты көптеген видео факті жетерлік. Қателік жасалуы мүмкін. Бірақ бұрысы дұрысынан көп болса, пәтуа беруге тыйым салынады. Қазіргі таңда, дінде охлократия деген үрдіс жалғасып бара жатыр. Яғни тобырдың билігі. Тобырдың талабына сәйкес ғалымдардың, діни өкілдердің әрекет етуі. Тобыр сізден эмоция сұраса, эмоция бересіз. Тобыр сізден норма сұраса, сіз норманы бересіз. Жеңіл түсіндірем деп жүргенде норма шығару бетімен кетуі мүмкін. Бәрі норманы өз қалауынша шығарып кетеді. Бұл ханафи масхабында жоқ дүние. Ол шет елден келген әдіс-тәсіл. Кез келген адамға, қатардағы жүрген сарбазға генерал погонын тағу деген сөз. Тұлғалар маңызды емес, тренд қазір маңызды. Кейде мағынасыздық адамдар үшін маңызды болады, — деді теолог.