«ҚАЙРАТТЫҢ ӘНДЕРІ МЕНІ ЕМДЕДІ ДЕГЕНДЕР КӨП»: ӘНШІНІҢ АНАСЫ ЖАЗБА ЖАРИЯЛАДЫ
Танымал әнші Қайрат Нұртастың “Сені сүйем” әні Украинада хитке айналды. Әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекова жеке парақшасына видео жүктеп, шетелдік тыңдарманға алғыс айтты.
“Жүректен шыққан ән жүректерге жетеді. Әлемді араламасақ та, шетелдіктер өздері іздеп әндерін шырқап жатқаны, ана жүрек болған соң, жүрегіме қуаныш орнататыны анық. Жақында бір танысым, “Гүлеке ұлым комаға түсіп, жүрегіне ота жасалды», — дейді анасы.
Сөзінше, бұрын Қайраттың әндерінің сөздеріне үңіліп, мән бермеген. “Ауырмайды жүректен” бастап тоқтай алмай бүкіл әндеріне мән беріп тыңдадым. Адам басына түспей білмейді екен, бірақ айтайын дегенім, жүрегім қарс айрылып отырғанда әндерінен жүрегіме ем таптым” деп ағыл-тегіл жылап алды. Құшақтап жұбатамын деп, өзім де, жанымдағы қыздар да әбден жылап шер тарқатып алдық. Салғым-ақ келді инстама, бірақ ол танымал әйел болғандықтан тарап кетеді деп ренжіп қала ма деп сала алмадым. Жүректер жараланбасыншы. Бұған дейін де Қайраттың әндері мені емдеді дегендер көп болды. Кім қандай ойда?!”, – деді Гүлзира Айдарбекова.