8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ АЛАДЫ

0

8 наурыз мерекесі жақындап қалды. Қарағанды облысында мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 әйел біржолғы төлем алады.

Балқашта көпбалалы аналар, Құрметті азаматтар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері, белсенді емес тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдер, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударады.

Саранда төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Абай ауданында ХӘОТ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, түрлі саладағы қызметкерлерге бөлінеді.

Ақтоғай ауданында төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге (әйелдерге) беріледі.

Бұқар жырау ауданында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан әйелдер, мүгедектер, зейнеткерлер және ХӘОТ қаржылай қолдау көрсетіледі. Қарқаралы ауданында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, аз қамтылған, мүгедектерге беріледі.

Нұра ауданында аз қамтылған, көпбалалы аналар, жастар біржолғы қолдау алады.


ПІКІР ЖАЗУ