ҚАЗАҚСТАНҒА АЯЗ ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

0

Синоптиктердің мәліметінше, 19-21 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендейді. Мәселен, республиканың солтүстік жартысында түнде -7-18°С, күндіз -6+6°С болады, оңтүстік жартысында түнде 0-10°С, күндіз +3+18°С дейін жылы болады.

«Алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді, оның әсерінен елімізде жауын-шашын болады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, 21 наурыз түнде Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурыз күндіз, 20-21 наурызда Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

«20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың барлық аумағында, солтүстікте және орталықта жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.


ПІКІР ЖАЗУ