КӘРІМ МӘСІМОВ АНЫҚ ТҮРМЕДЕ ОТЫР МА?
![](https://alashinfo.kz/wp-content/uploads/2024/03/10-905x613.jpg)
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қайда екендігін айтты.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Оның қандай да бір іс-шараға қатысқаны туралы ақпарат тарады, сурет те бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас әлді фейк пе? Неліктен оның түрмеде отырғанына қатысты бірде-бір сурет не видео факті жоқ?», — деп сұраған еді.
Осы орайда министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғандығын баса айтты.
«Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды, бас бостандығынан айыру орнында», — деді Ержан Сәденов.