ЕЛЕНА РЫБАКИНА РОЛАН ГАРРОС ТУРНИРІНІҢ ҮШІНШІ АЙНАЛЫМЫНА ӨТТІ
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің үшінші кезеңіне шықты.
Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен бетпе-бет келді. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Елена ойындағы басымдықты толық қолына ала білді. Есеп – 6:4.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 8 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Рус 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
Енді Елена төртінші айналымға өту үшін әлемнің 27-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенс немесе рейтингіде 81-сатыдағы хорватиялық Петра Мартичтің қай жеңгенімен таласады.