ТҮРКИЯДА 50 МЛН ҚОЛДАНУШЫҒА INSTAGRAM-ҒА КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Жұма күні таңертең Түркияда технологиялар және коммуникациялар Кеңесінің шешімімен Instagram желісі бұғатталды. Ведомствоның сайтында бұғаттаудың себебі мен ұзақтығы айтылмаған, деп жазады ТАСС.
Birgün газеті бұл шешімнің Иранда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қазасына айтылған толассыз көңіл айтуларға байланысты қабылданғанын жоққа шығармайды.Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун бұл шешімді сынға алды.
CNBC телеарнасының мәліметі бойынша, технологиялар Кеңесі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу үшін өз өкілеттілігін пайдалануға құқылы, бірақ оның шешімі 24-48 сағат ішінде сот органдарымен бекітілуі керек. Instagram-ға қатысты үкімді Анкара соты 2 тамызда бір күн ішінде шығарады.
Қазіргі уақытта Түркияда танымал ресурс компьютер немесе мобильді құрылғылардан аіру мүмкін емес. Көптеген пайдаланушылар Instagram-ға VPN және басқа балама нұсқалар арқылы кіруге тырысады.
Түркиядк Instagram қолданушыларының саны 50 миллион адамнан асады.