ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚАЗАҚСТАНДА БІР ЖЫЛДА 1,2 ТРЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАҒАН

0

Туризм және спорт министрінің орынбасары  Ержан Еркінбаевтың айтуынша, былтыр елге келген шетелдік туристер 1 трлн теңгеден астам ақша қалдырған.

— Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адам болды. Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар, — деді ол.

Оның сөзінше, елдегі қонақүйлердің бәрі бір мезетте 226 мың адамды қабылдауға қауқарлы.

— Орналастыру орындарының саны 4 315-ке жетті. Біржолғы сыйымдылық 226 мыңнан астам төсек-орынға жетті. Қонақ үйлерді, демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 224 млрд теңге болды. Туристік салада 538 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% жоғары, — деді Ержан Еркінбаев.

 


ПІКІР ЖАЗУ