ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Алматы қаласы Ұлттық ғылым академиясында «Өкпенің қатерлі ісігінің диагностикасы мен емдеудің мәселелері» тақырыбында Орталық Азиялық I өкпе обыры форумы өтуде.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қазақстан онкологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға онкологиялық орталықтардың жетекші мамандары қатысуда. Саланың жетістіктері сараланған басқосу аталған онкологиялық аурулармен күрес шараларын күшейтіп, тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ форумға Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары С.Т.Исмаилов және орталық дәрігерлері қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.