ШЕТЕЛДІК ДӘРІГЕР ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ

Санкт-Петербург қаласындағы көпсалалы медициналық орталықтың жоғары санатты, эндоваскулярлық кардиохирург дәрігері Токарев Павел Александрович және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Өтенов Нұрхан Жанатұлы өз тәжірибесімен бөлісті.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасына жақында ғана “Allia IGS 3” стационарлық ангиограф медициналық құралы орнатылып,
жоспарлы түрде екі күн көлемінде мастер класс аясында 8 науқасқа ота жасалды. Оның ішінде 4 науқасқа коронарографиялық ота және 1 коронарлық артерияларды стенттеу, 3 селективті церебральды ангиография отасы жасалды.
Бүгінде озық үлгідегі жабдықтармен Ордабасы ауданының тұрғандары ғана емес, көрші аудандардың тұрғындары да медициналық көмекке жүгіне алады. Нақтырақ атап өтсек, Бәйдібек, Арыс ауданының тұрғындары жоспарлы және шұғыл түрде коронарографиялық ота және коронарлық артерияларды стенттеу, селективті церебральды ангиография ота түрлері бойынша Ордабасыда емделеді.
Басты мақсат — заманауи көпсалалы орталық ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру. Бұл ауыл тұрғындарына жедел және мамандандырылған медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді.