САРЫАҒАШТА 800-ДЕН АСА АДАМ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы ретте, Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы тазалық шарасында аудан аумағы толық қамтылып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар тазаланып, шөптері орылды. Оған қоса, арық-атыздар тазаланып, әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған қоқыс полигондары ретке келтірілді. Сенбілікке 800-ден аса адам біркісідей атсалысып, 5 арнайы техника жұмылдырылып, 6 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпыаудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл – олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.