ЕЛІМІЗДЕ ВАКЦИНА САЛДЫРУДАН БАС ТАРТҚАНДАР КӨБЕЙДІ МЕ?

024 жылы елімізде 20,6 мың адам вакцина салдырудан бас тартты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
— Өкінішке қарай, бүкіл әлемде де, елде де вакцинациядан бас тартудың өсу тенденциясы байқалып отыр. Бұл иммундалмаған адамдар тобының көбеюіне және вакцинацияланбаған адамдар арасында аурудың өршуіне ықпал етеді. Елімізде 2024 жылы вакцинациялауға жататын адамдардың ішінен 20 679 адам профилактикалық екпе салдырмаған. Ал биылғы бірінші тоқсанда 7 219 адам екпеден бас тартты, — делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ақпаратында
Ведомство мәліметіне қарағанда, министрлік тұрақты негізде халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алуда вакцинопрофилактиканың маңыздылығы бойынша түсіндіріп келеді. Халықпен ақпараттық жұмыс жүргізу үшін қоғам қайраткерлері мен медиа тұлғалар тартылып жатыр.
— Министрлік пен аумақтық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты негізде вакцина салудың тиімділігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде, 2024 жылы бас тартқандар арасынан 8 058 (38,9%) адамға екпе қойылды, — деп аталып өткен комитет хабарламасында.