ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ПОСТ ЖАРИЯЛАДЫ

0

Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

Кейін Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде (X парақшасында) қазақ тілінде жазба жариялады.

Онда ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесінің егжей-тегжейін хабарлады.

Бұған дейін мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуі барысында олар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ, БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

 


ПІКІР ЖАЗУ