ШАРДАРА СПОРТШЫЛАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 19 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

0
Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Шардара спортшылары үлкен жетістікке жетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетсе, оның ішінде шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленіп, әлемдегі ең мықты құрама екенін тағы да дәлелдеді.
Бұл жеңістер – “Шардара Армспорт” спорт клубының жүйелі жұмысының жемісі. Аудан спортшылары тек республикалық емес, халықаралық деңгейдегі жарыстарда да тұрақты түрде жеңіс тұғырынан көрініп келеді.
Әлем чемпионатында топ жарған спортшыларды атап айтсақ:
Жасөспірімдер арасында Әлем чемпиондары
Ибрагим Бекнұр 🥇
Ибрагим Азамат 🥇
Назар Заңғар 🥇
Зиядулла Айзере 🥇
Ақберген Аманат 🥇
Сарсенбаева Сымбат 🥇
Оралбай Ұлжан 🥇
Жастар арасында Әлем чемпиондары
Асылжан Базарбай 🥇
Ерсайын Мейрамбек 🥇
Мұхамбетов Ердаулет 🥇
Ересектер арасында Әлем чемпиондары
Нұрмахан Ердаулет 🥇
Зәрубек Санжар 🥇
Ибрагим Әділет 🥇
Алдан Нұрсұлтан 🥇
Тұрғанбек Тұрарбек 🥇
Айдархан Нұрдәулет 🥇
Құттымұратов Медет 🥇
Елмұрат Ұлболсын 🥇
Оразхан Ырысты 🥇
✔️Ересектер арасында Әлем чемпионатының жүлдегерлері
Ақтаев Талғат 🥈
Абсаттар Дәурен 🥈
Айыпхан Ерсұлтан 🥈
Ерсайын Мейрамбек 🥈
Қаржау Есболат 🥉
Роман Данияр 🥉
Сарсенбаева Сымбат 🥉
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-орынды жеңіп алды.
Шардаралық спортшылардың мұндай жоғары нәтижесі – жаттықтырушылар еңбегі мен спортшылардың қажырлы дайындығының арқасы.

ПІКІР ЖАЗУ