Өз салмағына қайта оралған Елдос Сметов әлем чемпионатына қатысатын болды

0

6 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Қазақстан командасының бас бапкері аталған сынға қатысатын спортшылар тізімін жариялады.

Ташкентте Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей.

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі; Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза

100 келі: Ислам Бозбаев, Шархан Нұрлыхан

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев Айта кетелік, биылғы маусымда Елдос Сметов 66 келіге ауысқан болатын. Алайда аталған салмаққа бой үйрете алмай, 60 келіге қайта оралды.

Әйелдер:

48 келі: Абиба Абужакынова

52 келі: Гаухар Ирмагамбетова

57 келі: Севара Нышанбаева

63 келі: Мөлдир Нарынова, Есмигүл Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангелдина

+78 келі: Камила Берліқаш


ПІКІР ЖАЗУ