БАҚ МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДӘРІС

0
Бүгін Шымкентте БАҚ өкілдеріне арналған «Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» деген үш күндік іс-шара басталды. Оған баспасөз хатшылары, жас журналистер, медиа мамандар қатысып жатыр. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен «Серпіліс» қоғамдық қоры өткізіліп жатқан іс-шараны белгілі журналист Бейсенкүл Нарымбекова ашып, жүргізіп отырды.
-Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жас журналистерді қолдау, қазақ тіліндегі сапалы контентті көбейту, сондай-ақ БАҚ мамандарының біліктілігін арттыру. Тренинг, семинарлар көп, бірақ бүгін біз дәріс форматында өткізіп отырмыз. Үш күн бойы журналистерге білікті медиа мамандары дәріс оқып, қызықты ойындар өткізіліп, тапсырмалар беріледі, — дейді «Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова.
Іс-шараның аясында медиа менеджер Данияр Алан «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ-қа ықпалы» тақырыбында сабақ өтіп, өзекті сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, өзге де белгілі журналистер шеберлік сабақтарын өтті.

ПІКІР ЖАЗУ