МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАР БИЗНЕС-ЖОБАЛАРЫН ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

0
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Шымкент қаласында бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына 447 грант және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға жеңілдікті шарттармен 261 микрокредит беру көзделген. Бүгінде 452 грант және 169 микрокредит берілді. Мемлекеттік қолдау алушылар өздерінің бизнес-жобаларын табысты іске асыруда.
Республика бойынша жыл басынан бері қатысушыларға 9000 грант беру жоспарланып, 9102 грант берілді. Шымкент қаласында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 452 грант берілді, оның ішінде: 42 – атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 89 – мүгедектігі бар адамдар, 212 – көпбалалы отбасылар, 73 – мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар, 36 – асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар алды. Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық микрокредит беру құралы іске қосылды. Республика бойынша 5,8 мың микрокредит беру көзделген, осы мақсаттарға 28,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Айта кету керек, «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. 2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді. Мұның өзі кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау болуда. Фронт-офис жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады.

ПІКІР ЖАЗУ