ӨКПЕ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

0
Шымкент қалалық онкологиялық орталығында өкпе қатерлі ісігін алдын алу және ерте анықтау мақсатында Ашық есік күні өтті. Тексеруге 41 адам келіп, оның ішінде 1 адамнан қатерлі ісікке күмән анықталды. Сондай-ақ қатерсіз ісік 6 адамнан, басқа да аурулар белгілері 34 адамнан анықталды.
Айта кетейік, 13-17 қараша аралығында 138 адамға КТ МРТ тексерілуге тегін жолдама берілді. Орталық тарапынан қатерлі ісіктің өршуін және одан келетін қауіпті алдын алу мақсатында тиісті шаралар ұдайы ұйымдастырылып отырады. Айта кету керек, халыққа сапалы, уақтылы медициналық қызмет көрсету мақсатында Шымкентте медициналық мекемелерді аккредиттеуден өткізу жалғасуда. Осы жылға 17 медициналық ұйымда аккредиттеуді жүргізу жоспарда бар. Жалпы Шымкентте балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Жыл басынан бері «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесінде 162 бала қалпына келтіру және оңалту емінен өтті. Бұл туралы басқарма басшысы «Биыл сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Ол жерде барлығы 162 бала қалпына келтіру және оңалту емінен өтті. Балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында қалалық клиникалық балалар ауруханасында 180 төсектік жаңа корпус ашылды. Төсек саны 315-тен 495-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлек, биыл үшінші мегаполистегі №5 қалалық емхана мен №1 қалалық клиникалық аурухана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тарқатар болсақ, 2023 жылы №5 қалалық емхана мен №1 қалалық клиникалық аурухана ғимараттарына 1, 193 млрд. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Материалдық техника базасын жақсарту мақсатында 3,5 млрд. теңге сомасына 151 бірлік медициналық техника сатып алынбақ. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына 2023 жылға бөлінген бюджет 122,4 млрд. теңгені құрады

ПІКІР ЖАЗУ