ШЫМКЕНТ: ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ АРТТЫ
Бүгінде Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дананы құрайды. Қала мектептерінде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды.
Интернетпен қамтуға келсек 2022 жылы мектептердегі интернет жылдамдығы 20 Мбит/с төмен болған. Аталған мәселені шешу үшін 2023 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты Цифрландыру басқармасы арқылы мектептердің цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін жылдамдығы 100 Мбит/с кем емес интернетпен, бейнебақылау және дабыл батырмаларын Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына интеграцияланып, 50 Мбит/с қамтамасыз етілген.
2022 жылы 12,8 млн.тг. қаржы қаралып, 133 758 оқушы ыстық тамақпен қамтылса, 2023 жылы 134 228 оқушы қамтылған Қаржысы – 13 364,1 млн.тг. Өткен жылмен салыстырғанда қаралған қаржы көлемі 564,1 млн.тг. артқан. Айта кету керек, Шымкент қаласында мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту ісі қарқынды жүріп келеді. 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 мың баланы қосымша біліммен қамту жоспарланған. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтқан болатын. Өз сөзінде «2023 жылы мектеп формасы үшін53 893 балаға бір реттік қаржылай көмек берілді. Қаржылай көмек әр мұқтаж балаға 41 000 теңгеден бөлінді. Аталған көмек, өткен жылмен салыстырғанда 35,2 млн.тг. артқан. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 7 241 балаға қала сыртындағы лагерлерге жолдама берілді. Одан бөлек, 9 474 баланы демеушілер есебінен демалды» деді Нұргүл Шәмшиева. 2023 жылға жоспарға сәйкес оқушыларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші – 85,4% жоспарланған. Белгіленген жоспарға жету үшін 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамту үшін 516,5 млн.тг. қаржы қаралған.