ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША БЛОГЕР БАР ЖӘНЕ ОЛАР САЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ?

0

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олар салықты қалай төлейтінін айтты.

«Бүгінде 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін», — деді Жамаубаев.

Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, оларға салық төлеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ