ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ ҚАНША?

0

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы төртінші тоқсанда 393 605 теңгені құрады. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім — 16,2%, нақты мәнде — 5,3%.

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) былтыр төртінші тоқсанда бағалау бойынша 259 463 теңге болды.

Осы тоқсанда орташа жалақының өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақы есебінен еңбекақы қорының ұлғаюына байланысты.

Айта кетейік, жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақысының, үстемеақысының, сыйақысының, салығының және зейнетақы аударымының барлық түрін ескере отырып көрсетіледі.

Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.


ПІКІР ЖАЗУ