РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КІМДЕР ТАЛАСҚА ТҮСЕДІ?

0

Ресей Федерациясының президенті лауазымына РЛДП жетекшісі Леонид Слуцкий, РФ Коммунистік партиясының мүшесі Николай Харитонов, қазіргі мемлекет басшысы, өзін-өзі ұсынған Владимир Путин және «Новые люди» партиясының мүшесі Владислав Даванков таласады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат. 

Бұған дейін РФ Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Сергей Малинкович («Коммунисты России») пен Борис Надеждинді («Гражданская инициатива») сайлауға тіркеуден бас тартқан болатын. Тек Слуцкий, Харитонов, Путин және Даванков 10 ақпанда аяқталатын тіркеу кезеңінен сәтті өтті. Еске сала кетейік, Ресейде президенттік сайлау 2024 жылдың 17 наурызында өтеді. РФ ОСК Ресей Федерациясының президенттігіне өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинді тіркеді.


ПІКІР ЖАЗУ