ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ОҚЫС ОҚИҒА ОРЫН АЛЫП, 4 БАЛА ҚАЙТЫС БОЛДЫ

0

23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді. Төтенше жағдай салдарынан 4 бала көз жұмды.

Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған. Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.

«Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ