ЛУКАШЕНКО АРМЕНИЯҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
Беларусь президенті Александр Лукашенко Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысты ұстанымы туралы айтты. оның айтуынша, ол бұл мәселені Қазанға сапары кезінде әріптестерімен талқылаған. Бұл туралы BELTA-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабрлайды.
«Біз бұған сабырмен қараймыз. Бұл проблеманы Қазанда жанама түрде президенттермен талқыладық. Асқан ұстамдылықпен. Естен танатындай жағдай емес. Армения ҰҚШҰ-да болуы керек, біз ешкімді қумаймыз, одақтасымыз ретінде әрқашан қолдаймыз, қолдап та келдік және алдағы уақытта да солай бола бермек. Егер олар ҰҚШҰ-да болғысы келмесе, ол (ұйым — авт.еск.) ыдырап кетпейді, құлап қалмайды», — деді Лукашенко. Беларусь президенті түсіндіргендей, бұған қатысты Ереваннан әзірге ресми хабарлама түскен жоқ. Лукашенко сондай-ақ Армениядағы билік жүйесінде ҰҚШҰ-ға мүшелік мәселесі парламентте шешілетінін де тілге тиек етті. «Ол жерде Пашинян одаққа кіру немесе одан шығу туралы шешім қабылдай алмайды. Ол жерде парламент шешім қабылдайды. Менің ойымша, Армения парламентінде саналы адамдар көп. Бізге, ҰҚШҰ-ға, еш өкпе-реніш болуы мүмкін емес», — деді саясаткер. Александр Лукашенко армян тарапына асықпауға кеңес берді. «Асықпаңыздар. Одақтан шығудың қажеті жоқ, мәселені кейінге қалдырудың да қажеті жоқ. Ал егер бірдеңе ұнамаса, келмеді. Уақыт көп нәрсені өзгертеді. Арменияның, Әзербайжанның айналасындағы жағдай өзгереді, жалпы әлем өзгереді», — деп қосты ол. Еске сала кетейік, Армения премьер-министрі Никол Пашинян француз телеарнасына берген сұхбатында өз елі ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын айтты. Ұйымнан толық шығу туралы әзірге сөз қозғалмады. Кейін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының хатшылығы Никол Пашинянның Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтату туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді. Олар Ереван тарапынан мүшелікті тоқтату туралы мәлімдеме болмағанын хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін интернетте Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін деген қауесет тараған болатын. Алайда өткен жылдың қарашасында-ақ Никол Пашинян бұл мәселеге қатысты пікір білдірген еді. Сол кезде Минскіде ҰҚШҰ саммиті өтті, алайда жиынға Армениядан ешкім келмеді. Іс-шараға аз уақыт қалғанда Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатыспайтыны белгілі болды. Кейінірек ол ҰҚШҰ-дан шығу туралы әңгіме болмағанын, бірақ блок пен Армения алдағы қадамдар туралы ойлану керек деп сендірді. Пашинянның айтуынша, қазір ел қауіпсіздік саласындағы басқа серіктестер іздеуде. Сонымен бірге, 2023 жылдың қаңтарында Арменияда ҰҚШҰ жаттығулары тоқтатылды. Осыдан кейін олар Қырғызстанға жеткізілді.