ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ЖЕР ҮЙ БАР?
Бір жылда Қазақстанда тұрғын үй қорының ауданы 3,4% өсті, деп хабарлайды ұлттық статбюро.
2023 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2022 жылмен салыстырғанда 3,4% өсіп, 419,1 млн м2 жетті.
Оның ішінде:
Қалада — 274,5 млн м2
Ауылда — 144,5 млн м2
Тұрғын үй қорының ауданы бойынша Алматы қаласы (54,8 млн м2), Түркістан облысы (34,3 млн м2) және Астана (33,8 млн м2) көш бастап тұр.
Қазақстанда бас-аяғы 2 527 809 тұрғын үй бар.
Баспананың түрі бойынша жеке үйлердің жалпы саны — 2 219 826. Оның 40,6% — қалалық, 59,4% — ауылдық жерлерде.
Көппәтерлі үйлердің саны — 307 983. Ондағы пәтерлердің саны — 5 891 573 болды.