АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА 8 НАУРЫЗҒА КҮЙЕУІНЕН ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ АЛҒАНЫН КӨРСЕТТІ (ВИДЕО)

0

Әнші Алтынай Жорабаева алда келе жатқан әйелдер мерекесіне сыйлық алып үлгерген. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында күйеуінің 8 наурызға қандай сыйлық тарту еткенін көрсетті, — деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Менің әндерім жазылып тұратын, концерт пен тойға алып жүретін планшетімді Әлішер ауыстырып жатыр. Рахмет! 8 наурызға тарту еткен сыйлығы. Енді ескісімен қоштасамын. Жыл сайын жаңасын алу дәстүрге айналған. Сөкпеңіздерші! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Аллаға шүкір! Құлаққаппен ән тыңдамаушы едім, бірақ мұны да алдым», — деді әнші видеода. Сонымен қатар видеодан Жорабаеваның жақында дүниеге келген кішкентай қызын күйеуі еркелетіп жатқанын көруге болады.

 


ПІКІР ЖАЗУ