ХIV СЕССИЯ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясында 15 мәселе қаралды. Депутаттар Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараевтың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті нақтылау бойынша баяндамасын талқылады.
🔷 Қазіргі таңда қаланың биылғы бюджеті нақтылануда. Жалпы бюджет көлемін 70 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр. Шығыстарды жоспарлау барысында халықтың тұрмысын жақсартуға және қала дамуына қажетті бірінші кезектегі шығындарға басымдық берілді.
🔷 Сонымен қатар кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бағытында атқарылған жұмыстар мен міндеттер пысықталды. Сессия барысында халық қалаулылары «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жұмысына жоғары баға берді.
🔷 Жиында инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік көмек көрсету мөлшерін белгілеу, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау мәселері де көтерілді.
🔷 Қала басшысы мәслихат тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, алдағы уақытта да мегаполисті дамытуда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

ПІКІР ЖАЗУ