ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады.
🔷 Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін атап өтті.
🔷 Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады, ал іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.
🔷 Ғабит Сыздықбеков түрік компаниясына қалаға қызығушылық танытып, энергетикалық кешеннің дамуына тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ маңызды саладағы бірлескен жобаны тез арада жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ